Мүгедек ер адам өзіне қол жұмсаймын деп шаруа қожалығын өртеп жіберді
Глубокое ауданының "Булгунов" шаруа қожалығы өртеніп кеткен еді
Ал өртенген үйіндінің астынан 37 жастағы ер адамның мәйіті табылған болатын. Ал оның әйелі мен кішкентай екі баласы баспанасыз қалды.
Болған оқиғаның күмәнді тұстары көп болатын. Екі айлық тергеу жұмыстарынан кейін Шығыс Қазақсан Полиция департаменті өртенген шаруа қожалығының мән-жайын хабарлады.
- 1982 жылы туған ер азамат ауыр дерттің кесірінен өз-өзіне қол жұмсақ болып өртеген, - дейді ШҚО ПБ баспасөз хатшысы Азамат Раисов.
Белгілі болғандай, ер азамат былтыр болған жол апатынан кейін сал болып қалған. Қазір қылмыстық іс жабылған.