ШҚО балаларының саяхаттауға мүмкіндігі бар
Республикада балаларға арналған шығармашылық байқау басталды
"Туған елге саяхат" балалар экскурсиялық пойызы" жобасының жеңімпаздары елдің тарихи және мәдени орындарын аралауға жолдама берілмек.
- Байқауға 11-15 жастағы балалар қатыса алады. "Өз өңірімді өзгерткім келеді" немесе "Өлкемді сүйемін" тақырыптарында шығарма не өлең жазып, бейнежазба дайындауы керек, - дейді ұйымдастырушылар.
Шығармашылардың мазмұны мен көркемдік стиліне, баяндау тәсіліне мән берілмек.
Байқау 15 сәуір мен 17 мамыр күндері аралығында өтеді. Шығармалар мен өлеңдерді poezd2019@list.ru электонды поштасына аударуға болады.
- Үздік авторлар Нұр-сұлтан – Байқоңыр – Тараз – Алматы – Балқаш – Нұр-Сұлтан бағдарында саяхат жасайды, - дейді ұйымдастырушылар.
Саяхаттың ұзақтығы он күнге созылады.