Өскемен
ясно
+25°
  • Өскемен
    +25°
  • Алматы
    +31°
  • Астана
    +26°
  • Ақтөбе
    +25°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +28°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +28°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +36°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +39°
$
519.51
-0.06
611.83
-0.95
¥
72.54
-0.02
6.6
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда "Айбалта-2019" оқу жаттығуы басталды

Ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты әскери басқару органдарының үйлесімділігін жетілдіру, әскерлердің далалық машығын арттыру және әскерлердің басқаруда штабтар мен командирлердің тұрақты практикалық дағдыларын шыңдау болып табылады.  

Оқу-жаттығудың маневріне шамамен 8000 әскери қызметші және 2000-нан аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника, майдандық және армиялық авиация тартылды. Оқу-жаттығуға Құрлық әскрелері, Әуе қорғанысы күштері, Арнайы операциялар күштері, арнайы әскерлер мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері мен бөлімшелері тартылды.

Стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуға қатысушылар құрамдастырылған тәсілмен, өз жүрісімен, теміржол көлігімен, әскери-көлік авиациясының ұшақтарында көрсетілген ауданға қозғалыс жасап, белгіленген ауданға шоғырланып, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кірісті.   

Әскерлердің теміржол көлігімен қозғалуы үш бағыт бойынша жүзеге асырылды. Оған 20-дан аса әскери эшелон тартылды. 8 лек құрамында автомобильді көлікпен 400-ден аса бірлік әскери техника марш жасады. Қозғалыстың ұзындығы 300-ден бастап 1000 шақырымнан асады. Оқу-жаттығудың өткізілуі орнында шынайы жауынгерлік іс-қимылдарға жақындатылған заманауи қарулы қақтығыстар тәжірибесін ескере отырып, жағдай модельденді.

Следующая →