Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Жанар Асылханова
Жанар Асылханова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да қант диабетімен ауыратын балаларға дәрі-дәрмек жетіспеуде

Денсаулық сақтау жөніндегі жұмыс тобының мүшелері медициналық-санитарлық көмек түрінің дұрыс ұйымдастырылмағанын айтып отыр

Қант диабетіне шалдыққан балалардың ата-аналарының айтуынша, тестілеу жолақтары, ине, инсулин сорғысы сынды заттар жетпей жатыр. Мәселен, Күршім ауданының тұрғыны Әсел Камалиевтің 11 жастағы қант диабетімен ауыратын баласын медициналық қызмет көрсету тізіміне енбей қалған.

- Былтыр медициналық сорғы таппай қиналған едік. Сөйтсек, біздің аудандық аурухана менің баламды республикалық тізімге қоспай ұмытып кетіпті. Балам тамақ жеуден де бас тартты, өйткені қанында қант көбейіп кетуі мүмкін. Сонда ғана әрең дегенде инсулин сорғысын алып жан бақтық. Ал тестілеу жолақтарын мүлдем көргеніміз жоқ. Өзіміз сатып алдық, - дейді Әсел.

Науқас балаларға дәрі-дәрмек пен құралдар жетпей жатқанын ШҚО Қоғамдық кеңес мүшелері де айтып отыр.

- Зерттеу көрсеткендей, халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек түрі дұрыс көрсетілмейді. Соның кесірінен тізімнен түсіп қалған, енбей қалған жандар көп. Мұның алдын алу үшін шаралар қолданамыз, - дейді Татьяна Чернышова.

Айта кеткен жөн, қазір қант диабетіне шалдыққан балалардың демалуына көп көңіл бөлінуде. Жазғы лагерьге жіберу, кинотеатр мен саябақтарға жолдама беру сынды шаралар жасалуда.


Следующая →