Ливия астанасына зымыранмен шабуыл жасалды
Төрт адам қаза тауып, 23 адам жараланды
Ал Трипол қаласына зымыран жіберген маршал Халифа Хафтардың басшылығындағы Ливия ұлттық әскер жауынгерлері екендігі белгілі болды, деп хабарлайды Новости РАА.
Алайда Ливия ұлттық әскері мұны жоққа шығарып отыр. Айтуларынша, бұған Триполидегі басқа да әскери топтардың қатысы бар болуы мүмкін.
- Ливия әскері ауыр қаруды қолданған емес, - дейді Халифа әл-Обейди.
Ливиядағы жағдай сәуір айының басынан бастап ушыға бастады. Хафтар бастаған әскер Триполиге шабуыл жасаймыз деп мәлімдегеннен бастап, лаңкестік топтар да қауырт қимылға көшті.