Жоғалып кеткен Степногорск тұрғыны облыс орталығынан табылды
Наурыз айының ортасында үйден кеткен 64 жастағы әйел адам кеше кешке ғана басқа қаладан табылды
Эмма Макаренко 14 наурызда Степногорск қаласындағы үйден шығып кеткен, содан бері оның қайда екендігін ешкім білмеген. Әйелді облыс бойынша іздеген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Осы уақытқа дейін Эмманың қайда болғандығы белгісіз, оның денсаулығы нашар және мамандар әзірге барлық жағдайды анықтауда.
- Әйелді Өскеменде полиция қызметкерлері тауып алды, - деді LIDER.KZ еріктілері.