Қазақстан үкіметі сайлауға бөлінген соманы жариялады
Қазақстандағы 10 мыңға жуық сайлау учаскелерінің жұмысын ұйымдастыруға 9,4 млрд теңге бағытталады
Сайлау учаскелеріне 70 мыңға жуық адам тартылады, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Үкіметтің сайлау өткізуге бөлетін нақты соманы Қаржы министрі Әлихан Смайылов атап өтті.
- Бүгін Үкімет отырысында Үкімет резервінен 9,4 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдадық, олар сайлау өткізуді қамтамасыз етуге бағытталатын болады, - деді ол.
Алдағы сайлауда сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін адамдардың жалақысы негізгі шығындар болады.
- Сома түзетілді. Біз әр өңір бойынша учаскелердің санын, онда жұмыс істейтін адамдардың санын нақтыладық. Барлық адамдар осы учаскелерде толық уақыт жұмыс істемейді. Яғни, осы ерекшеліктердің барлығын нақтыланып, сома 9,4 млрд теңгені құрады, - деп түсіндірді Смайылов.