Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Көлік пен пойыз қақтығысы жиілеген

Желілік полиция бөлімі мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері бірігіп, темір жол өткеліндегі жол ережесін бақылауға алмақ

Өйткені соңғы уақыттары пойыз бен көлік қақтығысы жағдайлары көбейген.

Мәселен, соңғы рет осындай оқиғаның бірі Серебрянск қаласында болды. Ваз Приора көлігінің иесі келе жатқан пойызға жол бермей, өзі бірінші өтіп кетпек болып, темір жолдың үстіне тұрып қалған. Пойыз машинисі де шұғыл тежегішті тез басқанымен, тоқтап үлгермей, көлікті қағып бірнеше метрге дейін сүйретіп кетті. Абырой болғанда, қарт жүргізуші дін-аман. Алайда локомативтің алдыңғы жарық шамы мен тежегішке, пойыз дөңгелектеріне келген шығынды өтеуіне тура келеді.

Осындай оқиғаларды болдырмас үшін Өскемен-1 желілік полиция бөлімі жол полициясымен бірігіп, қаладағы темір жол өткелдерінің маңында рейд жүргізді. Тәртіп сақшылары жол ережесін бұзған да, бұзбаған да жүргізушілерді тоқтатып, түсіндіру жұмыстарын жасады.

- Жүргізушілердің көбі темір жолды жылдам кесіп өтемін деп ойлап асығады. Содан жол апатына ұшырайды. Көлік рельске келіп кез келген уақытта кептеліп қалуы мүмкін. Осыны ескеру керек, - дейді Өскемен-1 Желілік полиция бөлімінің қызметкері, полиция капитаны Әсет.

Одан бөлек, пойыз бен көліктің қақтығысуына жүргізушінің немқұрайлығы да себеп.

- Жүргізушінің әнге, радиоға немесе басқа бір дүниелерге көңілі ауып кететін кездері көп болады. Ойланып кететін сәттер де жиі кездеседі. Бір секундтың өзі көз ілмес оқиғаға әкеп соғуы мүмкін. Темір жол - бұл қауіпті аймақ. Жүргізушілер соны әрдайым ескерсе екен. Бағдаршамда қызыл жанып, дабыл қосылып тұрса да, желігіп одан өтіп кеткісі кеп тұратын жүргізушілер көп. Елде бұл әдет болып кеткен бе деп те ойлайсың. Рейдттің мақсаты да халыққа осындай нәрселерді түсіндіру болды. Оларды өткелден өтер кезде мұқият болуға, сақ болуға шақыру болды, - дейді Өскемен-1 Желілік полиция бөлімінің қызметкері, полиция майоры Лариса Азанбекқызы.

Теміржол өткелі маңында көлік жүргізушілеріне 50 метрге дейін тоқтауға әрі 100 метрге дейін алдыңғы көліктен басып озуға болмайды.

Следующая →