Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Леонид Троценко
Ақпарат көзі:
Устинка

Риддерде альпинизм бойынша турнир өтті

Жан-жағы алып таумен қоршалған қала жергілікті спортшылар үшін қолайлы

Риддерліктердің көбі мектеп жасынан бастап альпинизммен айналысқан. Үш жас ерекшеліктері бойынша бөлінген топтар Риддер сыртындағы Ботаника ауданындағы тау сілемінде жаттығу жүргізген. Турнир "Домбайлық тізбек" деп аталып, оған 11 команда қатысты.

- Үздік атануға үміткерлер алдына айтарлықтай қиын тапсырмалар қойылды: жоғары көтерілу-түсу бойынша қашықтықты аз уақытта орындау ғана емес, тік, көлденең, еңіс сүйеніш, түрлі көпір арқылы жаттығуларды да мінсіз орындау, - дейді жаттықтырушы Ольга Королева.

№5 орта мектеп өкілдері басқаларға қарағанда, кәсібилікерін көрсете білді. Ондағы қыз-жігіттерді қым-қиғаш кедергілер мен жаттығулардан өтудің әдіс-тәсілдеріне Сергей Ермаков ұзақ уақыт бойы дайындаған. Қазіргі уақытта басқа кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істеп жүрген осы мектептің түлектері де жарысқа қатысып, үздік атануға тырысқаны таңқалдырмайды.

Альпинизм мен судағы спорт түрлеріне басымдылық берілетін "Ак-Кем" клубын Александр Сысоев басқарады. Ылдиларды бағындыруда аса қиындық болмаса да, судағы кедергілер қиынға соқты. Уба үстіндегі ГЭС реконструкцияланғаннан кейін, су бағыты байдарка мен каноэ жарысын сүйетіндер ұзақ жылдар бойы жаттығу жасап жүрген базадан бұрылып кеткен. Енді риддерліктер жаттығулар үшін жаңа орын іздеуге мәжбүр.


Следующая →