Өскеменде алғаш рет орыс тілінен жаппай диктант өтті
Тұрғындардың сауаттылығын анықтауды мақсат еткен диктант 13 сәуір күні өтті
Диктантқа қатысушылар жазушы Павел Басинский дайындаған мәтін үзінділерін жазды.
- Біраз терлеуге тура келді, мектепте оқығандарымды есіме түсіруге тырыстым. Әсіресе, тыныс белгілерін қою кезінде біраз қиналдым. Мектепте те тыныс белгілерін көп шатастыратынмын, - дейді Надежда есімді диктантқа қатысушы.
Диктант қорытындысы кейін белгілі болады.
Айта кету керек, тотальды диктанттың әлем бойынша ұйымдастырылып жүргеніне 16 жылдай уақыт болды. Биыл диктант жазуға Риддер тұрғындары да қатысты.