Комендантка көпірінің шарбақтары ауыстырылуда
Шарбақтардың неге ауыстырылып жатқанын тұрғындар да түсіне алмай дал
Өйткені бұған дейін қала әкімдігі бұл көпірді кеңейтеміз деп уәде берген.
- Ал көпірді кеңейткеннен кейін шарбақтарды тағы да ауыстыра ма? - дейді әлеуметтік желі қолданушылары.
Ал бұл жұмысты жасап жатқан Өскемен Тәртіп коммуналды кәсіпорны шарбақтардың екі күннің ішінде ауыстырылып бітетінін айтады.
- Көпірдің таяныш темірлері осыдан он жыл бұрын орнатылған. Содан бері тозып, іргетасы шіри бастаған екен. Мұны қоршауды ауыстырған мамандар да айтып отыр. Егер дер кезінде ауыстырмасақ, онда темір қоршау төмен қарай, адамдардың үстіне құлап кетуі мүмкін, - дейді Өскемен қалалық әкімдігі.
Ал көпірдің қашан кеңейтілетіндігі әлі белгісіз күйде.