Өскеменде жас жігіттің денесі табылды
Облыс орталығының 36 жастағы тұрғынының денесі Красин кентіндегі жеке үйден табылды
Оқиға 27 наурызда болды, деп хабарлады Устинка LIVE. Бұл туралы бізге Красин кентінің тұрғындары хабарлады. Көршілер бұл адам өлтірілген деп ойлайды. Полиция әлі бұл фактіні растамады.
- Қазір Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 1983 жылғы азаматтың денесінің табылғандығы бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде, - деді полиция подполковнигі Елдос Закимов. - Күдікті ретінде Өскемен қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.