ОСК Қазақстан президенттігіне үміткерге қойылатын талаптарды атады
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігі туралы қаулыны бекітт
- Тумысынан Қазақстан азаматы, қырық жасқа толмаған, мемлекеттік тілді меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жылда тұратын және жоғары білімі бар республика азаматы сайлауға түсе алады. Конституциялық заңда президенттікке кандидатқа қосымша талаптар қойылуы мүмкін, - деді ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина.
Президенттікке кандидаттың мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лаузымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ, белсенді сайлау құқығы болуы тиіс.
Конституцияда және "Сайлау туралы" конституциялық заңда кандидаттардың қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру тәртібі көрсетілген. Алдымен, республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органының отырысы өтіп, кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме жасалады. Құжат кандидаттың дауысқа түсуге келісім беруі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына тапсырылады. Кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатты да тапсыру керек. Үміткердің қойылатын талаптарға сай болуы бес күн ішінде анықталады.
Кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы нысаны Орталық сайлау комиссиясының 10 сәуірдегі нысанымен бекітілген. Өтінішке үміткердің өмірбаяны, мемлекеттік қызметтегі немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер, сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат қоса беріледі.
Кандидат Орталық сайлау комиссиясының шотына заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының елу еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.
Құжаттардың толық пакеті болған кезде, Орталық сайлау комиссиясы оларды қарауға қабылдайды.
Президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді. Үміткерлерді ұсыну 10 сәуірде басталып, 28 сәуірде сағат 18.00-де аяқталады.