ШҚО-дағы тасқын болу жағдайы тұрақты
Өзендердің көбінде мұз еріп кетті. Алайда бөгеліс байқалған жерлер тәулік бойы бақылауда
Бесқарағай ауданындағы Кривинка ауылынан 6-7 шақырым жерде Ертіс өзенінде мұз кептеліп қалған. Кептеліс салдарынан өзен алқабына су жайылған.
Су басу қаупі бар жерлерге тәулік бойына бақылау қойылды, техника жеткізілді.
Жергілікті әкімдік су тасқыны орын алса деп Жетіжар ауылында эвакуациялық пункт дайындап қойған. Халық тасқын орын алған жағдайда не істеу керектігінен құлақтандырылуда.
Ол орынға бүгін ШҚО әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков пен ШҚО ТЖД басшысы Нұрлан Мадьяров ұшып кетті.