Бір жыл ішінде қазақстандықтарға 500 млрд теңгеге шағын несие берілген
Соның ішінде тұтынушылық мақсатта берілген шағын несие сомасы 130 млрд теңгеден асады
2018 жылы Қазақстанның шағын несие беру ұйымдары халыққа 500,7 млрд теңгенің несиесін берген, деп жазды Ranking.kz сайты.
2017 жылмен салыстырғанда шағын несие алатын жеке тұлғалардың үлесі 32,9%-ға артып, 346,2 млрд теңгені құрады. Ал заңды тұлғалар саны 24,7%-ға кеміп, 154,5 млрд теңгені құраған.
2018 жылы кәсіпкерлік мақсатта берілген несиелер саны жарты есеге көбейіп, 62,3%-ды құрады.
Сонымен қатар, шағын несие берумен айналысатын ұйымдар саны да қысқарған.