Өскеменде өгей әкесі мен баласы өрттен зардап шекті
Ер адам мен жасөспірім зергерлік шеберханада шыққан өртті өз күштерімен сөндірмек болып, күйіп қалған
Өрт өткен сенбі күні кешкі уақытта Малдыбаев көшесі бойындағы үйде шыққан. Зергерлік шеберхана екіқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан.
Өрт сөндіру қызметі жеткенше отты 51 жастағы шеберхана иесі мен оның 13 жастағы өгей ұлы ауыздықтамақ болған. Алайда екеуін де күйік шалған.
Бұл уақытта жетіп үлгерген мамандар өртті дереу сөндірген. Ал ер адамды жедел жәрдем облыстық мамандандырылған медициналық орталықа алып кетсе, ұлы Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Өскемен ТЖБ хабарлағандай, өрттің шығуына электр құрылғыларының апаттық жағдайда жұмыс істеуі себеп болуы мүмкін.