Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +25°
$
471.46
504.79
¥
64.92
5.53
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде кене "шабуылы" басталды

Кене энцефалитін жұқтыру қаупі жоғары орындарда мамандар арнайы тазарту жұмыстарын жүргізеді

Биылғы көктем жылы болғандықтан кене де шыға бастады. Облыста алғашқы кене шағу жағдайы биыл наурыз айында тіркелген болатын.

- Қала сыртына шыққан уақытта, саяжай аумағында жүргенде абай болу қажет, - деп ескертеді Өскемен қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының мамандары. - Сонымен қатар, кене үйге үй жануарларымен, гүл шоқтарымен және киіммен кіруі мүмкін.

Кене шаққан уақытта жүгінуге болатын тәулік бойы жұмыс істейтін орындардың мекенжайы:

Ересектер үшін – Облыстық мамандандырылған медициналық орталық, Абай даңғ., 18,

Балалар үшін – Ана мен бала орталығы, Өтепов көш., 37.

- Егер денеңізге жабысқан кенені өзіңіз алып тастаған болсаңыз, кененің энцефалит жұқтырған-жұқтырмағанын анықтау үшін зертханаға беруге болады, - дейді мамандар.

Зерттеу жұмыстары Сараптама орталығында жасалады. Кенені күнделікті 9.00-ден 17.00-ге дейін Нұрсұлтан Назарбаев көш., 17 мекенжайы бойынша орналасқан аса қауіпті инфекция зертханасының қабылдау бөлімінде қабылдайды. Демалыс және мереке күндері 8-705-752-79-67 нөміріне хабарласуға болады.

Одан өзге, жақын күндері мамандар кене адамдарға шабуыл жасау қаупі жоғары орындарда арнайы тазарту жұмыстарын жүргізеді.

Жұмыстар Ахмер, Аблакетка, Үлбі, Күленов кенті, Орман шаруашылығы, Красин, Согра, ГЭС аумағында, Самсонов, Ушанов, Меновное ауылдары мен Масьяновск ауылы мен Понтон көпірі аумағында жүргізіледі.



Следующая →