Өскеменде жасөспірімдерге оқ атқан адам ұсталды
Аулада ойнап жүрген жасөспірімдерге оқ атылғаны жайлы хабар түскеннен кейін полицейлер ауданды тік тұрғызып, тінтіп шықты
Оқиғаның куәгерлері жоқ болатын, соған қарамастан полицейлер күдіктілерде аз ғана уақыттың ішінде құрықтап үлгерді. Кейін белгілі болғандай, аулада жүрген жасөспірімдерге оқ атқан көрші үйде тұратын 68 жастағы қария болып шыққан. Ішімдікке сылқия тойып алған қарт үйде тұрған пневматикалық қаруды қолына алып, сынап көрмек болып аулауға қарай атқан.
Өскемен Полиция басқармасы хабарлағандай, күдіктінің қолынан табылған қару тіркелмеген болып шыққан. Қазір полицейлер сотқа дейін тергеу жұмыстарын бастап кетті.