"Ривьера" сауда кешеніне дейін автобус қатынамақ
Қала әкімдігі бұл бағытқа қарай №33 маршрутты жіберуді ойлап отыр
Тұрғын үй кешеніне дейінгі жол жөнделіп, маңайына аялдамалар қойылмақ.
- Тұрақты жолаушылар ағымы анықталған соң, бұл бағытқа да автобус ұйымдастырылатын болады, - дейді Өскемен әкімінің орынбасары Тамара Рақымжанова.
Қала әкімдігінің ақпараттарына қарағанда, тұрғын үй кешені маңында мыңға жуық адам тұрады. Бес үйде 370 пәтер бар. Кейін бұл жерде спорт үйірмелері мен фитнес зал ашылады. Сондай-ақ балабақша мен әкімшілік кеңсе ғимараттары да салынады.