Өскемен тұрғынының "бумер" көлігі жоғалып кетті
Қабанбай көшесінің бойына ВМБ көлігін "қаңтарып кеткен" тұрғын біраздан соң қайта оралса, көлігі жоқ болып шыққан
Бірден полицияға хабарласып, жағдайды түсіндірген.
Полиция қызметкерлері бірден ұстау операциясына кірісіп, кезекші партульдерге бағыттама береді. Ал кезекші партульдердің бірі бұл көлікті Әуежай маңындағы аумақтан байқап, оны тоқтатқан. Ал ішінде 29 жастағы азамат болған.
- Ұсталған азамат бұрын да сотталған екен. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жасалуда, - дейді Өскемен ПБ баспасөз хатшысы Әсел Әміренова.
Ал көлік заңды иесіне қайтарылды.
Тақырыптар:
Угон автомобиля в ВКО