Өскеменнің қай жолдары нашар
Нашар жолдарды суретке түсіріп, жариялауды ұйғарып отырмыз
Мыза көшесінен Защита шағын ауданына дейінгі Кіші Айналманың жолы "нағыз" адам шаршатанын жол. Қаланың ішіндегі емес, шет жатқан ауылдың жолы ма дерсіз!
Грейдерная көшесінің де тесік-шұрығы жетіп-артылады. Спасск көшесінің жолы былтыр жөнделгенімен, өте сапасыз жасалған. Ал Вострецова көшесінің қалың асфальттары кесек-кесек болып шашылып жатыр. Үлбі көпірінің астындағы Протозанов көшесінің де жолы шұрық-шұрық болып жатыр. Қазақстаннан Буров көшесіне дейінгі Мыза көшесінің шұңқырлары 30-40 сантиметрге дейін жетеді.