Франциядан келген шеф аспазшылар тәжірибесімен бөлісті
Өскемен қаласында Мишен жұлдызының иегері Марк Вака бастаған аспаздық фестиваль өтуде
Франция елінің аспаздық шеберлігін көрсетуге арналған фестиваль 29-30 наурыз күндері өтпек.
- Бүгін мен өз шеберлігімді көрсеттім, енді жергілікті аспазшылардың өз өнеріне деген құлшынысы қандай екендігін білуге тырысамын, - дейді париждік аспазшы Марк Вака.
Марк Вака Өскемен қаласының базарларында кездесетін алмадан "Татен" француз десертін жасап көрсетті әрі тауықты төмен температурамен пісірудің амалын паш етті.
- Аз әзірлеу аса қиын емес, негізі. Бастысы асты дайындауға қажет азық-түліктерді таба алу керек. Өнім сапалы болмай, ешқандай аспазшы дәмді тағам әзірлеуі мүмкін емес, - дейді бас аспазшы.
Шеберлік сыныбына Өскемен мейрамханаларының 25 аспазшысы қатысты.
Ал 30 наурыз күні куланириялық байқау өтеді. Оған 17 аспазшы қатысады деп жоспарлануда. Ал комиссияның құрамында Марк Ваканың өзі болады.
Следующая →