ШҚО түзету мекемелерінің бірінде сотталғандардың 96% жұмыспен қамтылған
Аблакет кентіндегі ОВ-156/2 түзету мекемесіндегілері жиһаз, құрылыс материалдарын шығарумен, автокөліктерді жөндеумен айналысады
Одан бөлек, тігін тігіп, құс өсіретіндер де, нан пісіріп, макарон шығаратындары да бар. Түзету мекемесінің мәліметтеріне қарағанда, мекемеде 135 сотталғанды жұмыспен қамтыған 9 кәсіпорын бар.
- Одан бөлек, аспаз, ас үй жұмысшысы, сыпырушы, кітапханашы, санитар сынды мекеме қызметкерлері де бар. Олардың саны – 32, бәрі сотталғандар. Сотталғандар жұмысқа орналастырар кезде, мамандығына, жасы мен қабілетін мән беріледі, - дейді мекеме.
Колонияда барлығы 421 сотталған бар. Оның ішінде 328-і жұмыс жарамды, оның 314-інің жұмысы бар.