Өскеменде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып қалды
Апат кеше күндізгі уақытта ММҮ аумағындағы басқарылатын жаяу жүргіншілер жолағы аумағында орын алған
Қоғамдық көлік пен жеңіл автокөлік жол қиылысында соқтығысып қалған. Ол аумақтағы жол қозғалысы бағдаршаммен реттеледі.
- Автобус жүргізушісі асығыстық танытып, жүріп кеткен, - дейді әлеуметтік желіде жазба қалдырған куәгерлер.
Қала тұрғындары әлеуметтік желіде бұл аумақта апат жиі орын алатынын және бір-біріне осындай қауіпті қиылыстарда абай болу қажеттігін жазып жатыр.