Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Жомарт Ертаев Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

Қазақстанның Бас прокуратура қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан Жомарт Ертаевты экстрадициялады

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Өткен жылдың наурыз айында оған халықаралық іздеу жарияланған.

Ертаев 2011-2017 жылдар аралығында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, өзге тұлғалармен алдын-ала келісу арқылы "BANK RBK" АҚ-дан 144 млрд теңге жымқырды деп күдіктелуде.

Ертаевпен бірге жымқырды деген күдікке ілінген тағы 54 адам бар. Олардың 41-і банк топ-менеджерлері мен қатардағы қызметкерлер. Бұған дейін елге Ибрагим Б., Мажинов И., Туғанбай Д., Едігенев Д., Мамырбеков А., Шарипов Т. және тағы басқалары экстрадицияланған.

Тергеу барысындағы шаралардың нәтижесінде 15 млрд теңге өтеліп және 48 млрд теңгенің мүлкіне тыйым салынған.

Қазіргі таңда арнайы прокуроралармен істі тергеу аяқталған. Процеске қатысушылар материалдармен танысып жатыр.

Ал Ертаев Астананың тергеу изоляторына тоғытылған.

Следующая →