Өскемен әкімі тұрғындармен тікелей эфирде сөйлесті
Инстаграм желісінде тікелей эфирге шыққан Жақсылық Омардың жазбасына 200 хабарлама келіп түсті
Тұрғындардың көбі қаланың экологиясы мен абаттандырылуы, тұрғын үйдің салынуына қатысты сұрақтар қойды. Әкім қойылған сұрақтардың барлығына жауап берді. Тұрғындар айтқан мәселенің барлығын бақылауына алатындығына уәде берді.
Ал тікелей эфир соңында Жақсылық Омар тұрғындарды #HappyНаурыз челледжіне қатысуға шақырды. Қатысқысы келген жандар көпбалалы аналарды, аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық жасап қайтуы тиіс.
Акция бастар алдында қала әкімі көпбалалы отбасынан шыққан 16 жастағы Ануар Қадыровтың хатын оқып берді. Жасөспірім қала әкіміне жазған хатында наурыз мейрамына компьютер қалайтынын айтқан екен.
- Хат бізді, шыны керек, толқытты. Әріптестерімізбен бірге оған ноутбук сатып алып берейік деп шештік, - дйді Жақсылық Омар. - Сондықтан барлықтарыңызды жақсылық жасауға шақырамын. Наурыз – бұл береке мен бірліктің, жақсылықтың мейрамы.