Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Семейлік кішкентай ұлға дереу көмек қажет

Жеті жасар Темірлан Ерлановтың жағдайы ауыр, бала кез келген уақытта тұншығып қалуы мүмкін

Ерлан мен Әсияның көптеген күткен ұлдары 2012 жылы өмірге келді. Бүлдіршін дүниеге аман-сау келді. Бірақ төрт жарым айдан кейін Темірланға екпе салғаннан кейін, жағдайы нашарлай бастады. Дәрігерлер оның диагнозын анықтай алмай ұзақ сандалды. Кейін белгілі болғандай, Темірлан елде жоқ диагнозбен ауырады екен. Дәрігерлердің көбі баланың өлуіне аз ғана қалды десе де, бірнеше рет жүрегі тоқтап, қайта өмірге оралды.

Науқас баланың ата-анасы тұрып жатқан Семей қаласында оған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік болмады. Жергілікті дәрігерлер баланың сирек кездесетін Маклеода синдромына шалдыққанын айтқан. Яғни, баланың тыныс алу жолдары нашар, 70%-ы қабілетсіз. Жиі тұншығады...

Баланы емдету үшін Астанаға бару қажет болған. Шағын отбасы Семейдегі үйлерін сатып, оның ақшасын жол мен ем-домға жұмсаған. Ал Астанаға келген жас отбасы емдеу шаралары ұзаққа созылады деп ойламаған екен.

- Темірланның жағдайы күн сайын нашарлай түсті. Бірнеше күн реанимацияда ес-түссіз жатты. Бала оянбайды деген сыбыс та болды, алайда мен балама сендім, үміт арттым. Дұға еттім. Балам әзер дегенде оянды, - дейді анасы Әсия.

Бала оянғанымен, оған үлкен күтім қажет еді.

- Ал бізде қаржы қалмады. Тіпті, тамақ сатып алуға да шама жоқ. Ал Астанада таныстарымыз не туыстарымыз да жоқ, - дейді Әсия.

Бір жарым айдан кейін астаналық дәрігерлер де балаға ешнәрсе істей алмайтындықтарын айтқан. Енді науқас бала жанұясы Семейге қайту керек. Ал Семейде тұратын жер де жоқ.

Оның үстіне, бала Семейге жеткізудің өзі қиын болып тұр. Санавиация науқас баланы апаруға қауқарсыз. Кейін отағасы несиеге ақша алып, өзіне пойызға, ал ұлы мен жұбайына ұшаққа билет сатып алған.

Балаға ерекше күтім керек. Ал Семейде тұратын пәтерлері жоқ жанұя енді не істерін білмей отыр. Тапқан табыс пәтер жалдауға кетеді. Қалған дәрі-дәрмекке. Осы кезде ғана жанұя тығырыққа тірелгенін біліп, елден көмек сұрай бастады.


Халық банкі карточкасы:

4390878261990971

Kaspi Gold: 5169493134038077

QIWI әмиян 87758984259

ЖСН 690510301815

Следующая →