Өскеменде ер адам зейнеткерді құбырмен қорқытып, тонап кеткен
Үш сағат ішінде полиция шабуылшыны іздеп тапты
5 наурызда таңертең шамамен сағат 11-де белгісіз тұлға 68 жастағы зейнеткердің үйіне ұрлыққа түскен. Екі жасар немересімен отырғанәжені ер адам баланың өмірімен қорқытып, ақша талап еткен.
Жәбірленуші қорқып, шабуылдаушыға алтын зергерлік бұйымдарын берген, бірақ оған да қанағаттанбаға ер адамаұялы телефонды қоса алып, ізін суытқан.Зейнеткер не істерін білмей, полицияға жүгінген. Полиция аудандыторуылдап,іздеуге кіріскен.
Қылмыскердің түр-әлпетінің сипаттамасынан кейін, оның жеке басы анықталды және үш сағат өткеннен кейін ол бөлімшеде ұрланғанзаттарыменжеткізілді. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігіне (тонау) байланысты алдын ала тергеу басталды және күдікті Өскемен уақытша ұстау абақтысына қамалды.