Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да мерзімі өткен азық-түліктердің сатылымы жиілеп кетті

Өскемен, Семей, Риддер, Зайсан, Күршім, Тарбағатай және Катонқарағай аудандарының дүкендерінен 47 килограмнан астам қауіпті азық-түліктер тәркіленді

ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары 2019 жылдың қаңтар айында облыста жарамдылық мерзімі өтіп кеткен 11 азық-түлік тауарларын сату фактісін тіркеді, ал өткен жылы барлығы 27 оқиға анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

- Өнімдерді сатушыларға қатысты барлық фактілер бойынша әкімшілік шаралары қабылданды, - дейді ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы Алена Кравченко. - 16 ұйғарым берілді, 522 мың теңгеге сегіз айыппұл салынды. Сату орындарында денсаулыққа қауіпті өнімнің өсу үрдісі бізді қатты алаңдатады, сондықтан тұтынушыларды сатып алу кезінде жарамдылық мерзімін мұқият тексерулеріңізді сұраймыз.

Көбінесе маргарин, шұжық, майонез, түрлі тұздықтар, піспенан, кәмпиттер, пакеттелген ботқалар мен кеспе сияқты мерзімі өткен өнімдер сатылады.

Қаңтар айында өңірдің 45 сауда нүктелерінен 325 сынама алынды. Техникалық регламентті бұзу тауарлардың 48 атауында анықталды. Негізінен 37 сынамада мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы. Басқа жағдайларда өнімнің дайындалған күні көрсетілмеген, бұл оның қауіпсіздігіне тағы да әсер етеді және тұтынушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді, осыған байланысты барлық тауарлар сатудан алынған.

Следующая →