Нашақорлыққа салынған азаматтар қатаң бақылауда
Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторлары нашақорлыққа салынған азаматтармен тиісті жұмыстар жүргізуде
ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде 2018 жылдан бастап ШҚО №2 Өскемен қалалық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы 1-бөлігі (Ұсақ-түйек жымқыру) негізінде 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тағайындалған А есімді азамат тұраһ.
- Бұл азамат нашақорлыққа салынған, - дейді ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық ПҚБ әділет капитаны Ришат Мухаметолдин. - Қазір Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторлары сотталған азаматпен нашақорлықтың алдын алу бойынша тиісті шараларды қарқынды түрде жүргізіп жатыр.
Өскемен қалалық соты сотталған азаматқа мәжбүрлі түрде нашақорлықтан ем қабылдауға шешім шығарған. Қазіргі таңда Семей қаласының Шульба шағын кентіндегі норкологиялық емханасында ем қабылдап жатыр.