Өскеменде әйел адам көпірден секіріп кетті
Оқиға 8 наурыз күні сағат 11.00 шамасында орын алды: полицей патрулі Үлбі өзенінен 32 жасар қала тұрғынын алып шықты
ӨКП қызметінің инспекторлары полиция капитаны Дәурен Оразбаев пен полиция кіші лейтенанты Азамат Жылқышинов әйел адамды судан алып шықты. Олар нәзік жанға алғашқы көмек көрсетіп, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Қазір облыс орталығының тұрғыны не себепті осындай қаадамға барғандығы анықталуда. Мамандар оған қажетті психологиялық көмек көрсетуде.