Пол Манафортқа қатысты үкім шықты
АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы басшысы қаржы айла-шарғы туралы іс бойынша үкім алды
Виргиния штатындағы сот Пол Манафорт үш жыл 11 айға абақтыға жабылады деп қаулы етті.
Штабтың бұрынғы басшысы 25 жылға дейін түрмеге қамала жаздады. Мұндай ұзақ мерзімді ресейлік деп аталатын істі зерттейтін арнайы прокурор Роберт Мюллер талап етті.
Алайда, судья сотталушының елдің салық заңнамасын бұзуда "Ресей ісімен" байланысы жоқ деп мәлімдеді.
Сот алдында мүгедектер арбасында отырған Манафортқа, сондай-ақ айыппұл төлеуге және $25 млн шығынның орнын толтыруға міндеттелді.