Өскеменде мектепке дейінгі мекеме аумағында ағаштар кесілуде
Қала тұрғындары Протозанов, 133 көшесіндегі жасыл желектердің кесіліп жатқандығына наразы
Бұл жолы №11 "Айгөлек" балабақшасының аумағында қылқан жапырақты ағаштар "араның астына" түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
- Протозанов көшесіндегі 133-ші балабақшада ұзақ уақыт бойы өсіп келе жатқан ағаштар кесілуде, - деп ағынан жарылды өскемендіктер. - Енді онда ештеңе жоқ, ештеңе қалмады. Олар кімге кедергі жасады? Балабақша меңгерушісінде ағаштарды кесуге рұқсаты бар ма?
Рұқсат бар болып шықты. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілерінің ата-аналары қылқан жапырақты ағашты кесуді сұраған екен.
- Ағаштарды кесу Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық актісіне сәйкес жүргізіледі, өйткені кесілген ағаштар балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді, - деп "Айгөлек" балабақшасы директорының орынбасары Наталья Шуваева қала тұрғындарының наразылығына жауап берді. - Ағаштардың тамыры жер бетінде орналасқан және қатты дауыл кезінде балабақшаның ғимаратына немесе балалар жүретін жерге құлап кетуі мүмкін еді. Ағаштарды кесу жұмыстарын балабақша мен жоғарыда көрсетілген ұйым арасындағы шартқа сәйкес, "Жақсылық" ЖК жүргізеді.
Сондай-ақ, мектепке дейінгі мекеме әкімшілігі ағаштардың орнына 2018 жылы екі қарағай және үш шырша отырғызылғандығын хабарлады. Осы жылдың көктемінде тағы 15 ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қалалық билік оларға ата-аналардан қала мектептері мен бақтары аумағындағы апатты ағаштарды алып тастау туралы өтініш келіп түскен. Бұл жұмыс облыс орталығының барлық аудандарында жүргізілуде және жүргізілетін болады.