АҚШ Оңтүстік Кореямен бірлескен оқу-жаттығуды тоқтатады
АҚШ пен Оңтүстік Кореяда өткізілетін Key Resolve бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығулары мен Foal Eagle далалық маневрлері тоқтатылады
Бұл шешім Корей түбегінің денуклеаризация процесін жеделдетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
Оқу-жаттығудың тоқтатылуы Оңтүстік Корея Ұлттық қорғаныс министрі Чон Ген Ду мен АҚШ Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Патрик Шанахан арасында телефон арқылы сөйлесу кезінде келісілді.
АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен оқу-жаттығулары ақпан айының соңы мен сәуір айының ортасы аралығында өткізіледі.
Ханойда АҚШ пен КХДР-дің екі күндік саммиті аяқталды, онда екі жақ бір шешімге келе алмаған. АҚШ президенті Дональд Трамп пен КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын диалогты жалғастыру туралы келісімге келе отырып, бірлескен құжатқа қол қойған жоқ.