Алексей Полторанин допинг қолданғанын мойындады
Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин екі күн бұрын Австрияда допинг қолданды деген күдікпен қамауға алынған болатын
Қазақстандық спортшымен бірге екі австриялық шаңғышы да ұсталған еді. Олардың үшеуі де допинг қолданғанын мойындап, қамаудан шықты. Ал эктониялық шаңғышы Андреас Веерпалу мен Карел Таммъярв әзірше қамауда отыр.
- Мюнхен прокуратурасының тексерісі бойынша тоғыз адам ұсталып, 16 тінту шарасы болды, - дейді Австрия Қылмыстық істер жөніндегі федералды мекемесі.
Автрияның заңнамасына сәйкес, допинг қолдану спорт саласына тән алаяқтық деп танылады әрі бұған қылмыстық іс қозғалады. Сондықтан спортшыларға үш жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығуы мүмкін.