Семейлік орманшы жабайы қабанды видеоға түсіріп алды
"Семей орманы" қызметкері әлеуметтік желіге жабайы қабандарды түсіріп алған бейнежазбасын жариялады
Орманшылар қыста жануарлар ашығып қалмауы үшін жер-жерге науа орнатып, шөп пен жем салып жүреді. Қызметкерлер шөп салған орындарға бейнебақылау камерасын да орнатып кетеді. Ал жабайы қабандар болса, сондай орындарының біріне келіп, жем "ауыз тиген" жерінен бейнетаспаға түсіп қалған.
- Жем жеуге кейде бұлаң мен еліктер де келеді. Ал жақында қабан "келіп кетті", - дейді мекеме баспасөз қызметі.
Мұндай фототұзақтар жан-жануарлардың санын санауға үлкен көмектеседі.