Қазақстанда бюджет қызметкерлерінің еңбеқақысы өседі
Бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға өседі
Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде айтты, деп хабарлайды Егемен Қазақстан.
- Осы жылдан бастап қаңтар айында базалық айлық мөлшерін бір жарым есеге өсірдік. Мұғалімдердің айлығын 30 пайызға, біліктілігін арттырған ұстаздарға 50 пайызға арттырдық. Демек, осы санаттағы азаматтардың кірісі айтарлықтай өсті. Бұл бағдармада бір миллион азаматтық қызметкерді қамтиды. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырамын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.