Өскеменде жүк көлігінің жүргізушісі үш көлікке соғылып, көз жұмды
Жүк көлігінің жүргізушісі Өскеменнен Самар тас жолына шығып бара жатып соғылып қалған
Жүк көлігі екі көлікті пен шағын автобусты, тағы екі жүк көлігін соғып өткен.
- Жүк көлігінің жүргізушісі тұрақта тұрған көліктерге келіп соғылған. Жүргізуші есін жинай алмай көз жұмды, - дейді Өскемен ПБ баспасөз қызметі.
Қазір тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жасап жатыр.