Манафортқа 8 наурыз күні үкім шығады
Дональд Трамптың сайлауалды штабын басқарған Пол Манафортты америка соты алаяқтық жасады деп айыптап отыр
Вирджиния штатының соты 8 наурыз күні Манафортқа үкім шығарады. Судья оның Федералды тергеу бюросының қызметкерлеріне, прокуратура мен қазылар алқасына жалған сөз айтты деген шешімге келді.
Бұған дейін арнайы прокурор Роберт Мюллер Манафортты 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы ұсыныс жасаған еді.