ШҚО-ға Қытай елінен әртістер келеді
Шығысқазақстандықтар бір ай бойы қытай мәдениетімен танысуына мүмкіндк бар
Өскеменде 26 ақпан күні көрші елдің мәдениеті таныстырылатын көрме ашылады. Шыңжаң-Ұйғыр автономиясынан келген әншілер мен әртістер Шығыс Қазақстан облыстық драма театр сахнасында өнер көрсетеді.
Сонымен қатар облыстық сәулет және этнография мұражайында көрме ұйымдастырылып, көрші халықтардың өнерімен, мәдениетімен, ұлттық киімдерімен танысуға мүмкіндік болады. Одан бөлек, Қазақстанға келген қытайлардың, Қытайға барған қазақстандықтардың саяхат кезінде түсірілген фотосуреттерден фотокөрме ұйымдасырылады.