ШҚО тас жолында жүк көлігі аударылып қалды
Жанынан өтіп бара жатқан полиция қызметкерлері жүк көлігінің жүргізушісін қонақ үйге жеткізіп, өздері түні бойы көлікті күзеткен
19 ақпан күні Өскемен-Алматы тас жолын патрульдеген полиция қызметкерлері жол үстінде аударылып қалған жүк көлігін байқап, көмектесуге тоқтаған.
Жүк көлігінің жүргізушісі айтқандай, қалаға қарай бет алған көліктің алдыңғы оң жақ дөңгелегі жарылып, апат орын алған.
Полиция қызметкерлері мен жол қызметкерлерінің күшімен кешке қарай көлік қайта тұрғызылды. Келесі күні жүргізуші көлігін жөндеп алып, жолға тартқан.