Уақтылы тазартылмаған қар мен аршылмаған арықтар үшін айыппұл салады
Өскемен қалалық ТЖБ мен Полиция басқармасының мамандары үй маңындағы аумақты абаттандыру ережелерін бұзу фактілерін анықтау үшін рейд жүргізбек
Көктемнің де ауылы алыс емес. Күн жылынып, жақсылығымен қатар бірқатар қиыншылығын да ала келмек.
ТЖБ баспасөз қызметі хабарлағандай, қалалар мен аудан аумақтарын абаттандыру бойынша бекітілген ережелерге сәйкес, азаматтар өз аулаларын қар мен мұздан уақытында тазартып отырулары қажет.
Дер кезінде қарды тазартып, арықтарды аршығандар күтпеген мәселелер мен қиындықтардан құтылмақ.