Қазақстанда кәмелеттік жасқа толғандарға да автобус жүргізуге рұқсат беру ұсынылуда
ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев "Жол қозғалысы туралы" заңды қайта көріп ұсыныс жасады
Қазақстанда автобус жүргізушілері жетпей жатр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ал жүргізушілерді көбейту үшін жастарға да автобус жүргізу куәлігін алуға мүмкіндік беру қажет.
- Біріншіден заңның 74-бабында көрсетілген автобус жүргізушілеріне қойылған жас талабы "Д" категориясын алушы азаматтарға кедергі келтіріп отыр. Қазір елде 9 мыңға жуық автобус жүргізушісі жетіспейді, - дейді мәжіліс депутаттары.
Қазір "Д" категориясы тек 25 жасқа толғандарға ғана берілуде. Ал премьер-министрге оны 18 жастан бастап-ақ бере беруге ұсыныс жасалуда.