Өскемендегі Ворошилов көшесі кеңейтіледі
Көшені кеңейту туралы құжаттар дайын тұр
Қазір көшені кеңейту жұмыстарын жасайтын мердігер компания ізделіп жатыр. Қала билігі құрылыс жұмыстарының мамыр айында-ақ басталатынын айтады. Алайда әлі шенеуніктер көше кеңейту жұмыстарына кедергі келтіретін 23 жер телімін мемлекетке қайтару шараларын жасауы тиіс.
Әзірше 13 үйді күреу қажет. Ал бұл үйлердің арасында 1910 жылы тұрғызылған үйлер де бар. Кейбір үйлердің тек қақпасы мен бақшасы ғана күрелуі мүмкін.
- Ворошилов көшесін кеңейту туралы шешім 2007 жылы қабылданған еді. Қазір күрелетін үйлердің иелерімен келісімдер жасалып жатыр. Оларға өтемақы төленіп, жер телімдері мемлекетке өтеді. Кейбіріне пәтер сатып алынса, кейбіріне тек ақшалай өтемақы беріледі, - дейді Өскемен қаласы жер қатынастары бөлімі басшысы Евгений Еремеев.
Жоба бойынша, Ворошилов көшесі төрт жолақты етіп жөнделетін болады әрі көліктер қарама-қарсы бағытта да қатынайтын болады.