Өскемендік тұрғынға дереу қан қажет
Ауыр жағдайда жатқан науқасқа үшінші топтағы қан қажет
Қан орталығының мамандары науқастың жағдайы ауыр екендігін айтып, тұрғындардан көмек сұрап отыр. Оған үшінші топтағы, резусы теріс қан түрі қажет.
Орталық мекенжайы: Көкжал Барақ көшесі, 11-үй. Қан қабылдау уақыты сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін.