Семейлік оқушы кәсіпкер атанды
Семейдің 16 жастағы оқушысы Надир Сабитов жиһаз тігетін шағын цех ашқан
Атап айтқанда, жұмсақ жиһаз, оның ішінде пуфа-мөшек шығарушы жалғыз кәсіпкер болып отыр.
Қазіргі уақытта 11-сыныпты оқып жатқан Надир жақында ғана ҚазИГЗУ оқу орны ұйымдастырған жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған конкурста грант ұтып алған.
Жас кезінен бастап қосымша табыс табуды ойлаған ол конькийді жалға беру, тауарлар сату, электроника жөндеу сынды шағын шаруалармен айналысқан.
Мақсатқа ұмтылған жас жеткіншек кейін маркетинг пен дизайн саласына қызығып, кәсіпкер болуды армандайды. Қазіргі уақытта кәсіпорынды дамытудың жолдарын үйренуде. Цехте үш адам жұмыс істейді: екі тігінші мен бір көмекші.
Ал алдағы уақытта шығарылған жұмсақ жиһаздарды Өскемен мен Павлодар қалаларында сатуды ойлап отыр.