Өскеменде жаяу жүргіншілер белгісі қардың үйіндісіне жасырынған
Облыс орталығындағы Защита аймағындағы Лениногорская көшесі қар үйіндісінен көрінбейді. Тіпті, жүргінші өтетін жол да қар тасасында қалып қойған
Жүргізушілер жолдан өтіп бара жатқан адамдар қардан көрінбей қалатындығына шағымдануда. Бұл қардың салдарынан кез-келген сәтте қайғылы оқиғаға алып келуі мүмкін, деп хабарлайды Устинка LIVE.
"Өскемен-Тәртіп" коммуналдық кәсіпорны бұл жердің тазалығы мердігер ұйым "Кадэ" ЖШС айналысатыны туралы хабарлады.
- Бір сағат ішінде ұйым қызметкерлері жолдың осы тұсындағы қарды алып тастайды, - деп хабарлады коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметі.
P.S. Құрметті оқырмандарға "Устинка LIVE" редакциясында +7 776 451 5155 нөміріне тегін қоңырау шалу желісі бар екенін еске саламыз.
Следующая →