Бұқтырмадан браконьер аулары табылды
Өлген балықтар Өскемен жануарлар бағына жіберілді
ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтың инспекциясы мен Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері 21-23 қаіңтар күндері Бұқтырма су қоймасы маңында рейд жүргізіп, заңсыз балық аулау фактілерін тапты.
- Кремнюха ауылы маңындағы жағалаудан балық аулауға тыйым салынған 60 жіңішке ау табылды. Олардың барлығы өртеліп, ауда қалған тірі балықтар суға жіберілді, - дейді ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Архат Сапанов.
Ал салмағы 45 келі болатын өліп қалған балықтар Өскемен жануарлар бағына жіберілген екен.