Өскеменде букмекерде төбелес болды
Добролюбов көшесінде орналасқан букмекерде ұтыс қойып жатқан 25 жастағы жігітті екі адам соғып кеткен
Жарақат алған жігіт сол уақытта полицияға хабарласқан. Тәртіп сақшылары уақыт ұзатпай, бұзақылық жасаған қос азаматты ұстап алды. Олар 1994 жылы және 1993 жылы туған тұрғындар болып шықты.
- "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу алды амалдары жасалуда, - дейді Өскемен қаласы ПБ баспасөз қызметі.
Екеуі де бұрын сотты болған. Соған қарағанда олар екі жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тақырыптар:
Драка в Усть-Каменогорске Хулиганство в Усть-Каменогорске Букмекерские конторы в Усть-Каменогорске