Темекі ұрлаған өскемендік 7 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Әлия Молдағұлова көшесімен кетіп бара жатқан әйелді белгісіз біреу тонап кеткен
Әйелдің қолындағы сөмкесін ала жөнелген ұры қараңғыға "сіңіп" жоқ болып кеткен. Ал сөмкенің ішінде үш блок темекі болған екен.
Ал полицейлер істі суытпай, ұрлыққа қатысы бар 34 жастағы тұрғынды ұстап алған. Ол бұрын сотты болған екен.
Өскемен ПБ баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалуда.